Бұл күндері АҚШ-тың Дир-Вэлли аймағында фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Турнир аясында әйелдер арасындағы финалдық бәсеке аяқталды.
Бірінші финалда қазақстандық Юлия Галышева 11-орынға тұрақтап, екінші финалдық кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Аяулым Әміренова 28-орыннан көрінді.
Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон бұл сында жеңіске жетті. Екінші орынды жапондық Анри Кавамура, үшінші орынды аустралиялық Энтони Джакара еншіледі.