17540 қандас оралды
17540 қандас оралды
© коллаж: Еркебұлан Дуйсеболатов
353
оқылды
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығында, яғни 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта жалпы саны 1 миллион 87,8 мың қандас ата-жұртқа оралыпты. Соның ішінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің дерегінше, 2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың басым көпшілігі немесе 76,2%-ы – Өзбекстаннан, 9,7%-ы – Қытайдан, 6%-ы – Түрікменстаннан, 2,6%-ы – Моңғолиядан және 5,7%-ы басқа елдерден келген екен. Атамекенге қоныс аударған қазақтар негізінен тұрғылықты орын ретінде Алматы (28,5%-ы), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарын, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласын таңдаған. Яғни, олар оңтүстік пен батысқа шоғыр­лануда. Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қандастар арасында еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі 55,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші, яғни балалардың үлесі 28% және зейнеткерлер 16,8%  болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде небәрі 11,1%-ының ғана жоғары білімі бар. Қалған 40,1%-ының орта кәсіби білімі, 45,6%-ының тек жалпы орта білімі ғана бар. Ал 3,1%-ының білімі жоқ.