Бұл туралы Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский айтты, деп хабарлады naryk.kz. Жинақ ақшасы бар халықтың үлесі 2021 жылғы желтоқсанда 18% (қарашада 16%) болды. Респонденттердің көпшілігі өз жинағын банк депозитінде және қолма-қол ақша түрінде сақтайды. Желтоқсан айында респонденттердің көбі қазіргі уақытты қор жинау үшін қолайсыз кезең деп санады (36%) және олардың үлесі соңғы үш айда өсе түсті. Соңғы жылы жинақтардың төмендегенін атап өткен респонденттердің үлесі 2021 жылғы қарашадағы 19%-дан 24%-ға дейін (2020 жылғы желтоқсандағы 19%) артты. Желтоқсан айында респонденттердің көпшілігі (65%) өткен жылы бағаның өте тез өскенін атап өтті, бірақ бұл көрсеткіш қарашаның мәнімен (74%) салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Өткен айда бағаның серпінін бағалап, айтарлықтай өскенін байқаған респонденттердің үлесі желтоқсанда 58%-ды (қарашада 61%) құрады. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі азық-түлік бағасының өсетінін айтты, олардың үлесі қараша айында 85% құрады. Сауалнамаға сәйкес, 2021 жылғы желтоқсанда тұтынушылық көңіл-күй индексі аздап көтеріліп, 103,1 (қарашада – 102,4) құрады. Сонымен қатар, өткен жылы жеке қаржылық жағдайды бағалау нашарлады, бірақ болашақ жағдайды бағалау іс жүзінде өзгерген жоқ. Сондай-ақ, халықтың ірі сатып алуларға дайындығында өсім бар – респонденттердің 21%-ы (қараша айында 19%) сатып алу үшін қазіргі уақытты қолайлы көреді.