"QazaqGaz" мен «ҚазТансОйл» компанияларының басшылары қызметінен босатылды
"QazaqGaz" мен «ҚазТансОйл» компанияларының басшылары қызметінен босатылды
Фото: 24.kz
241
оқылды
Қайрат Шәріпбаев "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" холдингінің баспасөз қызметі.
"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Қайрат Шәріпбаевтың арызы негізінде оның "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды" , - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ  Димаш Досановта «ҚазТансОйл» АҚ бас директоры қызметінен босатылды.
"ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Димаш Досановтың арызы негізінде оның "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген ақпаратта.
40 жастағы Димаш Досанов "ҚазТрансОйлды" 2016 жылдан бері басқарып келді, бұған дейін "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС бас директоры болған.