Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды
Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды
Фото: atr.kz
311
оқылды
Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстанның Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады. Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.