Америкалық сарапшы Әлімханұлы- Андраде жекпе-жегінің жеңімпазын атады
Америкалық сарапшы Әлімханұлы- Андраде жекпе-жегінің жеңімпазын атады
Фото: sports.kz
225
оқылды
Ringside Boxing Show радио жүргізушісі, Maxboxing.com журналисі  Джон Распанти Sports.kz-ке Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы кім болатынын айтты. – Жақсы жекпе-жек, әрине. Андраденің кәсіби тәжірибесі көп, бірақ Әлімханұлын кәсіпқойдағы 11 жекпе-жегіне қарап жаңадан бастаған деп айтпайсың. Мен Андраде судьялардың шешімімен жеңіске жетеді деп ойлаймын", – дейді америкалық сарапшы. Boxingscene.com. мәліметінше, WBO әлем чемпионы атағы үшін өтетін Андраде – Әлімханұлы жекпе-жегі 20 қаңтарда өтеді.