Орындыққа басы қыстырылып қалған кішкентай қызды құтқарды

Орындыққа басы қыстырылып қалған кішкентай қызды құтқарды

Оралда кішкентай қыздың басы пластмассадан жасалған орындыққа кептеліп қалған. Орындыққа қыстырылып қалған қызды құтқарушылар 27 минутта аман-есен құтқарды, – деп жазады «Мой город» басылымы.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар 27 минутта қызды құтқарды. Оқиға орнына бес құтқарушы барған. Абайсызда басы орындыққа кептеліп қалған қыз жарақат алған жоқ.   [caption id="attachment_179536" align="aligncenter" > Фото: mgorod.kz[/caption]

Бұған дейін ойнап отырып, басына кастрюльді кептеп алған бала туралы жазған болатынбыз.