Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты түсінік берді.«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы еңбек демалысында» делінген еді хабарламада.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.