«Қазақстан халқына» бір күндік жалақыны аударуды тоқтату керек – Құдайбергенов
«Қазақстан халқына» бір күндік жалақыны аударуды тоқтату керек – Құдайбергенов
Фото: m.sputnik.kz
222
оқылды

Экономист Олжас Құдайбергенов «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударып жатқан қарапайым қызметкерлер, жұмысшылар, әскерилерге қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстан халқына» қорына мемлекеттік, жекеменшік мекемелерде жұмыс істеп, уақытылы салық төлеп отырғандар бір күндік жалақысын аударып жатыр. Алайда қор мұндай мақсатта ашылмаған. Сондықтан салықты уақытылы төлеп, жалақымен күнелткендер бір күндік еңбекақысын аудармағаны жөн. Бұл қор кезінде тапқан табысын жасырып, жасырын жолмен қомақты қаржысын шетел асырмақ болып, әлі де болса ниетін өзгертуге мүмкіндігі бар адамдарға арналған. Бай-бағландардан бөлек, заңды кірісі бар алпауыт компаниялар да қорға қомақты қаражат аудара алады. Сондықтан қарапайым жұмысшылар мен қызметкерлердің бір күндік жалақысын қорға аудару үрдісін тоқтату керек», – деп жазды Олжас Құдайбергенов.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының міндеті мен мақсаты туралы айтқан болатын.