Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы ойыншыларына жалақы төлей алмағаны аздай, мемлекетке қыруар қарызы бар болып шықты.
Тек салықтар мен төлемдер бойынша «Ордабасының» 2 миллиард теңгеден астам берешегі бар. Егер қарыз жақын арада өтелмесе, шымкенттіктер жаңа маусымға қатыса алмайтыны белгілі болды.
Сонымен қатар клуб қызметкерлері 8 айдан бері жалақы алмағанын айтқан жөн. Бұған дейін түрлі БАҚ «Ордабасының» ҚПЛ-дағы орнын Шымкенттің намысын қорғайтын «Қыран» басуы мүмкін екенін жазған болатын. 2021 жылы маусымда бұл клуб Бірінші лига турнирін үшінші орынмен аяқтап, көңіл толатын нәтиже көрсеткен.