Шығыстағы бүліктің шығыны анықталды
Шығыстағы бүліктің шығыны анықталды
147
оқылды
Биылғы жыл басындағы жаппай бейберекетсіздік барысында ШҚО-да 150-ге жуық полицей мен әскери қызметші жараланған. Polisia.kz порталының хабарлауынша, бүлік­шілердің жолын кесуге ұмтылған полицейлер мен әскери­лерге дүркін-дүркін шабуыл жасап, ұрып-соққан. Полицейлер қаладағы құ­қық­тық тәртіпті қорғап, жаппай заңсыздыққа қарсы шықты. Тер­рористік шабуылдардың жо­лын кесу және меморгандардың әкімшілік ғимараттарына жасал­ған қарулы шабуылдарға тойтарыс беруі нәтижесінде 128 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан­ның 19 әскери қызметшісі жарақат алды. Сондай-ақ облыс бойынша заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде 26 бірлік қызметтік автокөлік зақымданып, жарамсыз болып қалған. Өскемен және Семей қалала­рының орталық алаңдарына бар­лығы 5 мыңнан астам адам жиналған. Құқық қорғау орган­дарының үндеулері мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, лаңкестер әкімшілік ғимарат­тарға ғана емес, сонымен қатар жолда кездескен мүлік пен автокөлікке де шабуыл жасапты. Шабуыл мақсатында олардың заңсыз сақталған атыс қаруын, ұрып-соғу және жаншып-кесу заттарын пайдаланғаны айтылды. Пиротехникалық және қолдан жасалған тұтану қос­палары қолданылған.

Ерік ЕРДЕНОВ