Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына материалдық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
«Террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қаза тапты. 2911-і жарақат алды. Қаза тапқандар ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар заң бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Бұған дейін Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына 5 миллион теңге берілетінін хабарлаған болатынбыз.