Отанға опасыздық жасағандар: олар кімдер және жазасын қалай өтейді?
©А.Ахметқазы
Елімізде Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі бойынша «мемлекетке опасыздық » жасағаны үшін бір рет сот болған. Бұл статистика елімізде сатқындар мен опасыздар жоқ дегенді көрсетеді. Алайда, іс жүзінде бәрі керісінше болуы әбден мүмкін. Кім білсін, елін сатып қана қоймай, оған опасыздық жасап, мемлекеттік құпияны ашып-жайып салғандар жетіп артылатын шығар? Бүгінде жоғары лауазымды шенеуніктердің қайсысы қай түрмеде, қандай жағдайда мерзімін өтейді, бас бостандығынан айырылуына не себеп және олар шартты түрде мерзімінен бұрын босай ала ма? Міне, осы сұрақтарға жауапты azattyq-ruhy і здеген екен...
Адвокат Джохар Өтебековтің айтуынша, отанына опасыздық жасағаны үшін сотталған бір ғана адам бар. «Ол – Константин Сыроежкин. Бірақ бұл мемлекетімізде сатқындар мен опасыздардың жоқ дегеннің белгісі емес» дейді ол.
[caption id="attachment_179786" align="alignnone" width="1200"] ©fergana.agency[/caption]
2019 жылдың қазан айында Алматыдағы сот белгілі саясаттанушы және шығыстанушы Константин Сыроежкинді 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Қылмыстық кодекстің 175-бап, 1-бөлім бойынша мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпталған болатын.
Нақтырақ айтсақ, қарулы қақтығыс кезінде жау жағына өтіп, тыңшылық жасап, мемлекеттің құпиясын шет мемлекетке немесе шетелдік ұйымға, не олардың өкілдеріне ашып салуы, еліміздің ұлттық мүддесіне қарсы бағытталған қызметті жүргізуге көмектесіп, қасақана әрекеттері үшін жазаланған еді. Міне, осы жағдай отанға деген опасыздық ісі ретінде қоғамда қызу талқыланып, жауапқа тартылған бірінші жағдай.
[caption id="attachment_179787" align="alignnone" width="1200"] ©ult.kz[/caption]
Мысалы, Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев та еліне опасыздық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Тек оның ісі басқа бап бойынша қозғалған. Сөйтіп, 2017 жылы ол мемлекеттік құпияны заңсыз жинап, таратып, жария еткені үшін 5 жылға сотталған болатын. Бірақ оның түрмеде отыруы ұзаққа бармады. Бар-жоғы үш жылда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.
[caption id="attachment_179788" align="alignnone" width="755"] ©.azattyq.org[/caption]
Сатқындар қатарында тағы бір адам бар. Ол – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев. 2017 жылы мемлекеттік құпияны ашқаны үшін Дүтбаев жеті жарым жылға сотталды. Сол уақытта онымен бірге тағы үш лауазымды шенеунік жауапқа тартылды. Ал оның екеуі Дүтбаевтың туысы екен. Мәселен, Нұрлан Хасен мен Раиса Мұратова мемлекеттік құпияны жариялағанын мойындап, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Ерлан Нұртаев оларға көмектескені үшін 3,5 жылға сотталды.
Адвокаттың айтуынша, отанына опасыздық жасағандар жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемелерде өтейді. Өйткені олардың қылмысы ауыр санатқа жатады. Ал олардың түрмеде қандай жағдайда ұсталатыны белгісіз.
[caption id="attachment_179789" align="alignnone" width="1200"] ©malim.kz[/caption]
– Оның камерасында теледидар бар ма, қонақүйдей жасақталған ба, ол жағы беймәлім. Себебі, колонияға түскендерді Ұлттық Қауіпсіздік органдары бақылайды. Тіпті, қылмыскерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды тағы да Ұлттық қауіпсіздік органдары шешеді. Елде мемлекетке опасыздық үшін абақтыға қамалғандардың кейбірі уақытынан бұрын босатылған. Жалпы, берілген мерзімнің 3/2 бөлігін өтесе жеткілікті, – деді адвокат Серік Айтбаев.
Негізі, бұл жазаның аты айқайлап тұрғанымен жазасы аса ауыр емес. Отанына опасыздық жасағаны үшін қылмыскер бас бостандығынан 10-15 жылға айырылады. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандардың арасында Бағлан Майлыбаев та бар. Ол бұрын Президент әкімшілігінде жоғарғы қызмет атқарған. Жақында тұтқындалған ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов те осы бап бойынша айыпталуда. Бүгінде оған қатысты опасыздық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлаған болатын.