Желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежін қарулы адамдар оқтың астына алған сәті бейнеленген видео пайда болды.
Nehabar Telegram-арнасы жариялаған видеода кортежге оқ жаудырып жатқанын көруге болады.
Әкімдіктегілер видеода көрсетілген оқиғаны растады.
Оқиға 6 қаңтарда Алматы әкімінің кортежі мен «Алматы» телеарнасының түсірілім тобы жедел штабтан әкімдікке келе жатқанда болған.