"Қазақстанда қатаң карантин енгізіледі": Денсаулық сақтау министрі жауап берді
"Қазақстанда қатаң карантин енгізіледі": Денсаулық сақтау министрі жауап берді
© 24.kz
223
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда "омикрон" штамынан эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қатаң карантин жариялау қарастырылмағанын айтты. 
"Бүгінгі таңда елімізде жаппай қатаң карантин жариялау қарастырылып жатқан жоқ. Себебі барлық шектеу шарасы денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктемені азайту  және коронавирустан болатын өлім-жітімді азайту үшін қабылданған. Алдағы күндері шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты саралау түрінде қабылданады", - деді Ажар Ғиният.
Қазір Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған. Түркістан облысынан (өңір "сары" аймақта) басқа өңірлер "қызыл" аймақта тұр.