Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) WBO International титулы үшін өтетін жекпе-жегінің жаңа уақыты белгіленді.
BoxRec порталының мәліметінше, бұл айқас 22 қаңтардан 5 ақпанға ауыстырылды, өтетін орны өзгеріссіз, Ақтау қаласында.
Мейірімнің қарсыласы ресейлік Андрей Сироткин. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.
Еске салайық, Нұрсұлтанов кейінгі жекпе-жегін өткен жылы 6 қарашада Ақтау қаласында өткізген еді. 8 раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен 33 жастағы белорус Дмитрий Атроховтан (16-12, 7 КО) басым түсті.