Қарағанды қаласында ескі үйлердің балконы қызу талқыға түсіп отыр. Бірі «өткеннен хабар беретін тарихи туынды» десе, екіншісі «жаңарту керек» екенін айтады.
Қаладағы Назарбаев даңғылындағы №7а-үйдегі балконды жаңартқандар туралы әлеуметтік желіде жерлестерінің әрекетіне ашуланған қарағандылықтардың бейнеүндеуі пайда болды. Өйткені осы үйдегі тұрғындар өз пәтерлерінде жөндеу жұмыстарын бастады. Оған қоса, 1958 жылғы ғимараттың сыртқы түрін өзгертуге шешім қабылдаған екен. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше балкон толығымен қирап, олардың орнына жаңа, модернизацияланған қоршаулар пайда болды.
«Назарбаев даңғылы 7а-мекенжайы бойынша Қарағанды қаласының сәулет мұрасы болған үйде 13 қаңтарда 3-үйдің сыртқы қасбетіндегі 2 балкон қирады. Бұл үйлерде дәл осындай балкондар бар, олар – екінші, үшінші және төртінші қабаттарда әрқайсысының өзіндік тамаша дизайны бар және осы үйлердің сәулеттік ерекшелігінің бірі. Осы жұмыстардың бәрі қандай негізде жүргізіліп отыр? Оларға рұқсатты кім берді? Тыйым салу керек емес пе? Біз осы балкондарды, үйдің тарихи келбетін толық қалпына келтіруді талап етеміз. Біз бұл мәселені мамандармен талқыладық. Сондай-ақ кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етеміз!», – дейді жергілікті тұрғын.
Қала әкімдігі бұл ғимарат тұрғындардың жекеменшігі екенін айтып, жағдайға қатысты пікір білдірді. Сондықтан құрылыс салушылармен қажетті іс жүргізу үшін тұрғын үй тұрғындары Қарағанды қаласы әкімі аппараты жанындағы сәулет бөліміне немесе қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөліміне ұжымдық арыз жолдауы қажет.
Бұл жағдайға қалалық орталықтың мамандары түсініктеме беріп, шешімге наразылықтарын білдіріп, тұрғындарға қаланың мәдени мұрасын сақтаудың маңызын еске салды.
«Сәулет мұрасын сақтау – кез келген қаланың қала құрылысы философиясының басты қағидаларының бірі. Кей елдерде тарихи нысандарды қайта құру мәселесі өте мұқият қаралады. Өкінішке қарай, бізде бұл қағида әрқашан орындала бермейді, кейде тарихи орын тұрғындарының өздері қателеседі. Бұл жағдай Назарбаев даңғылы 7а мекенжайында орналасқан тарихи мұрасы бар үйдің балконына қатысты. Онда пәтер иелері балконды және балконнан тұратын оның шынайы безендірілуін бұзды. Бұл пәтердің тұрғындары қайта құруды қала әкімшілігімен келіспесе керек, өйткені балкон қоршауын мұндай аяусыз өзгерту тарихи ғимаратты бір стильден шығарып жібереді», – деп жазды наразылар әлеуметтік желіде.
Бүгінде пікір екіге жарылған. Instagram-дағы жазбаға жазылған пікірлерде біреулер «өз меншігіміз, сондықтан бәрін жасауға болады» деп айтса, енді біреулер жергілікті урбанистердің мұндай нысандарды бұрынғы қалпында сақтау маңызды деген пікірімен келіседі.
«Егер бұл қаланың сәулеттік мұрасы болса, онда қала неге осы мұраны сақтамайды?».
«Бұл үй кез келген жаңа үйден 100 есе жақсы, керемет көрінеді. Тек қасбетін қалпына келтіру керек», – дейді тағы бір қарағандылық. Тұрғын өз үндеуінде бұл үйдің тарихи мұралар тізіміне енгізілгенін айтты. Алайда бұл деректі «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоққа шығарды. Олардың айтуынша, үй мәдени мұра нысандарына жатпайды. Бірақ бұл үйдегі балкондарды бұзуға да рұқсат берілмеген. «Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7а үй мекенжайы бойынша 3-қабаттағы екі балконды бұзуға байланысты Қарағанды қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, жобаны келісу) рұқсат бермеген.
Яғни, 2006 жылғы 20 желтоқсандағы Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің бекітілген мемлекеттік тізбесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 7а үй тұрғын үйі Қарағанды қаласының аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатпайды. 2020 жылғы 17 қарашадағы №73/01 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан заңының 16-бабы 1-тармақшасына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамаға және мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады», – деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ қалалық Сәулет басқармасы бұл оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтынын хабарлады. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан заңының 17-бабы 1-тармағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатыны белгіленген. Сол заңның 31-1-бабына сәйкес, жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау сәулет-құрылыс бақылау органдарының құзыретіне жатады. Осыған орай «Назарбаев даңғылы, 7а үйдегі 3-қабаттағы екі балконды бұзу фактісі бойынша Қарағанды облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына тиісті шаралар қабылдау үшін хат жолданды», – дейді қалалық сәулет басқармасының мамандары.