Парламент Мәжілісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойғы өкілеттіліктерін тоқтату туралы өзгерістерді Сенатқа жіберді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Қанат Нұров үш заңға өзгеріс енгізілгенін айтты.
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы», «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» және ҚР «Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституициялық заңдарға тиісті өзгеріс енгізді. Яғни, енді Ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы тұлғаға қарай емес, қызметіне қарай Президентке тиесілі болады. Тиісті өзгерістер Сенатқа жолданды», – деп жазды Қанат Нұров.Депутаттың пайымынша, Қазақстан экономикадағы саяси монополияны түп-тамырымен жойып, пайдалы қазбалардың экспортына қатысты қаржы-валюталық ағындарға қатысты мәселені біржола шешу керек.
«Экономика мен саясатты бір ізге салу керек. Егер біреу ұрлаған болса, оны сот анықтайды», – дейді ол.Бұған дейін Елбасының Қазақстан халқына жасаған үндеуін жариялаған болатынбыз.