Түркістанда газдан уланып көз жұмған бір отбасының 5 мүшесінің өліміне кінәлілерге үкім шықты
Түркістанда газдан уланып көз жұмған бір отбасының 5 мүшесінің өліміне кінәлілерге үкім шықты
Фото: Pexels.com
141
оқылды
Түркістанда газдан уланып көз жұмған бір отбасының 5 мүшесінің өліміне 2 газ компаниясының директорлары кінәлі деп танылды, олар 4 жылға сотталды, - деп хабарлады otyrar.kz. Үкім заңы күшіне енді, алайда сотталғандар шағым түсіре алады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті хабарлады. 2021 жылдың ақпанында Түркістанда құтқарушылар жекеменшік тұрғын үйден 5 адамның мәйітін тапқан болатын. Бұл  — кәмелет жасына толмаған 4 бала мен олардың анасы болып шықты. Өлім себебі — газдан уланған. Отағасы бұл кезде Шымкентте емделіп жатқан. Сол жылы көктемде газ компанияларының директорлары ұсталды. Оларға қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бойынша айып тағылды.
«Сот-технологиялық сараптама жүргізілді. Мамандар газ желілерін орнату және монтаждау құрылыс нормаларына сәйкес жүргізілмегенін растады.  Яғни газ құрылғысын орнату кезінде жауапты мамандар бірқатар қателік жіберген, соның салдарынан қайғылы оқиға болған», — деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ полициядағылар тергеу ұзаққа созылғанымен, үкім шыққанын және заңды күшіне енгенін хабарлады.