Australian Open: Бублик екінші айналымнан ары аса алмады
Australian Open: Бублик екінші айналымнан ары аса алмады
252
оқылды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open-2022 әлемдік турнирінің екінші айналымында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Екінші раундта ол франциялық Гаэль Монфиспен кездесіп, қарсыласына 6:1, 6:0, 6:4 есебімен есе жіберді.
Монфис 1 сағат 29 минутқа созылған кездесуде 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Ал Бублик 4 эйспен ғана шектеліп, 4 брейк-пойнттан еш нәтиже шығара алмады.
Осылайша, Александр Бублик жекелей сындағы жарысын аяқтады. Аталмыш біріншілікте жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.

Айта кетейік, екінші айналымда Бубликті жеңген франциялық спортшы Гаэль Монфис үшінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гаринмен шеберлік байқасады.