Атырауда ер адам супермаркеттің тас-талқанын шығарды
Атырауда ер адам супермаркеттің тас-талқанын шығарды
232
оқылды

Атырау қаласындағы супермаркетті талқандаған нашақор қамауға алынды.

16 қаңтарда түнгі сағат 00.00 шамасында белгісіз біреу қаладағы супермаркеттің терезесін шағып, сөредегі заттарды жан-жаққа лақтырған. https://www.youtube.com/watch?v=BhlGYBRIT3s&feature=emb_title Сауда орнының дабыл қызметі іске қосылып, дереу полиция келді. Супермаркетте 31 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Полиция мәліметінше, ер адам 2013 жылдан бері нашақорлық бойынша есепте тұр.
«Кәсіпкерлік нысанына материалдық шығын келтірген бұзақы ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған нашақор қамауға алынды», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.