Алматыда алаңда қару-жарақ таратқан ер адамдар базарда жүрген жерінен ұсталды – видео  
Алматыда алаңда қару-жарақ таратқан ер адамдар базарда жүрген жерінен ұсталды – видео  
Фото: polisia.kz

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қару таратқан күдіктілер ұсталды, – деп жазады polisia.kz.

Олардың жас шамасы – 19-20 жас аралығындағы ер адамдар екені анықталды. Күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға таратқан.

«Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар базардан ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың жеке басын, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереміз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

https://youtu.be/U2fVrzK5x1k Алаңда қару таратып жатқан сәт қайғылы оқиға куәгерлерінің камерасына түсіп қалған. «Біз қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасадық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматпен қорқытып тұрды. Мен ақ түсті Lexus көлігін жүргіздім», – дейді күдіктінің бірі.

Ал екіншісі «Біз қаланы көлікпен араладық, қару-жарақ дүкеніне бардық, ол кезде оны тонап жатты. Біздің көлікке қару тиеп, алаңға алып баруды бұйырды», – дейді.

Полиция мән-жайды анықтап жатыр.