Қаңтардағы тәртіпсіздік: кімдердің несиесі кешірілетіні белгілі болды
Қаңтардағы тәртіпсіздік: кімдердің несиесі кешірілетіні белгілі болды
© stan.kz
348
оқылды
Елімізде қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған қазақстандықтардың несиесі кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. 
"Тапсырмаға сәйкес, қазіргі кезде тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің несиесі кешіріледі. Агенттік тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың тізімі бойынша дәл осындай жұмыс жүргізеді. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Бұған дейні Halyk Bank террористерге қарсы операция барысында оққа ұшқан әскерилер мен полиция қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтып, әскерилердің банкке берешегі кешірілетінін хабарлаған болатын.