Ақтөбеде жанармай құю бекетін 2 ер адам тонап кеткен
Ақтөбеде жанармай құю бекетін 2 ер адам тонап кеткен
183
оқылды
Ақтөбеде екі адам жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады. Күдіктілер көп ұзамай ұсталды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 19 қаңтар күні сағат түнгі 03:00-де Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылындағы жанар-жағармай құю бекетіне белгісіз екі адам баса көктеп кірген. Олар операторды балғамен ұрып, кассирді пышақпен қорқытып, кассадан 100 мың теңгеден астам ақша мен ұялы телефонды алып кеткен.
«Сонымен бірге бірнеше қорап темекі алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Ақтөбе облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілерден ұрланған заттар тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің «Қарақшылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды. https://www.youtube.com/watch?v=UkhJ25l2mME