Жанар-жағармайды шекті бағасынан асыра сатқандар жазаланады
Жанар-жағармайды шекті бағасынан асыра сатқандар жазаланады
284
оқылды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жосықсыз жанармай сатушыларды әкімшілік жазаға тартылатынын хабарлады.
«Мемлекет басшысы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасын 180 күн мерзімге мемлекеттік реттеуді енгізуді тапсырды. Сол тапсырманың шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы бұйрықты бекітті. Дегенмен баға сараланып белгіленетіндіктен, әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі бекіткен шекті баға сақталмаған жағдайда жосықсыз сатушылар әкімшілік жауапкершілік тартылады», – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.
Шекті баға сақталмаған жағдайда тұрғындар мына телефон нөмірлері арқылы хабарлай алады: Нұр-Сұлтан қаласы: 8 (7172) 95-36-04; Алматы қаласы: 8 (7272) 72-14-01; Шымкент қаласы: 8 (7252) 32-15-04; Алматы облысы: 8 (7282) 24-27-40; Атырау облысы: 8 (7122) 21-10-42; Ақмола облысы: 8 (7162) 50-43-27; Ақтөбе облысы: 8 (7132) 74-30-64; Шығыс Қазақстан облысы: 8 (7232) 61-41-24; Жамбыл облысы: 8 (7262) 43-18-75; Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 24-06-47; Қарағанды облысы: 8 (7212) 42-51-96; Қостанай облысы: 8 (7142) 53-52-40; Қызылорда облысы: 8 (7242) 27-21-86; Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-42-27; Павлодар облысы: 8 (7182) 78-70-97; Солтүстік Қазақстан облысы: 8 (7152) 61-82-81; Түркістан облысы: 8 (7253) 35-75-51.