Отандастарымыз қарсылас құраманың қазандығына бірде-бір салым салған жоқ.
Қазақстан көкбөрүден финалда Қырғызстан құрамасынан 0:12 есебімен ойсырай жеңілді
136
оқылды

Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөрүден күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Алтын жүлде үшін өткен финалда қазақстандық көкбөрішілер алаң иелері – Қырғызстан құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде қарсылас команда басымдық танытып, кездесуді 12:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осы нәтижеден кейін Қырғызстан құрамасы көкбөрүден алтын жүлдеге ие болса, Қазақстан командасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.