«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Ақсу қаласының бастауыш партия ұйымдарымен онлайн форматта отырыс өткізді. Жиын барысында Илья Теренченко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде халыққа жасаған үндеуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бастауыш партия ұйымдарының маңызын атап өтіп, ел Президентінің маңайында топтасып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Өз кезегінде қалалық бастауыш партия ұйымдарының басшылары өздерінде бар шешілмеген мәселелерді қозғады. Айтылған мәселелер облыстық партия филиалының қатаң бақылауына алынды. Сондай-ақ отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Нүркенова партияның 2021 жылы Ақсу қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында Жол картасы индикаторларының орындалуы жөнінде есеп берді. – Біздің бастауыш партия ұйымы партиялық жобаларға, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады, партия мен Үкіметтің жүргізіп отырған бағытын қолдайды. Біз төрағалармен әрдайым байланыстамыз, олардың өз бастауыш ұйымдарында беделі бар және ұжымдардағы тұрақтылық үшін жауап береді деп сенімді түрде айта аламын. Біздің бірлескен әрекеттеріміз қиындықтарды бірлесіп жеңуге мүмкіндік береді. Ақсу қалалық филиалының жұмысы осы бағытта жалғасады, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Нүркенова.
А.ЖАСАНҰЛЫ