Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонағандар тіпті дәретхана қағазына дейін алып кеткен. Талдықорғандағы облыс әкімдігінен кеңсе тауарлары мен бума-бума қағаздарды қолды еткендер ұсталды, - деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Ұрылар - 24 және 28 жастағы сол қаланың тұрғындары. Көздеріне ілінген заттардың барлығын қолды еткен күдіктілер ұрлағандарын үйлеріндегі гаражға апарып жасырған. Оларды тінту кезінде қораптарға жасырылған тамақ жылытатын пеш, кітапқа дейін шыққан.