Қазақстанда аутизмге шалдыққандар саны көбейген. Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің мәліметінше, кейінгі 7 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе өскен.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша науқастардың жалпы саны – 4887. 2015 жылы аутизм 228 баладан анықталды. 2016 жылы – 285; 2017 жылы – 394; 2018 жылы – 476; 2019 жылы – 645; 2020 жылы – 756; 2021 жылы – 1184. Департаменттің мәліметінше, соңғы 7 жылда науқастар саны көп екендігі жан-жақты тексеру, жаппай диагностика жүргізу нәтижесінде анықталған.Бұған дейін аутизмге шалдыққан балалардың қатарынан кем қалмай білім алып, қоғамға араласуына жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы жазған болатынбыз.