«Барыс жылы» күміс монетасы сатылымға шығады
«Барыс жылы» күміс монетасы сатылымға шығады
Фото: nationalbank.kz
239
оқылды

«Барыс жылы» монетасы сатылымға шығады. Ұлттық банк 25 қаңтардан бастап интернет дүкен жұмысы қайта жанданып, «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Барыс жылы» коллекциялық монетасының сатылымға шығатынын хабарлады.

Номиналы 500 теңгелік күміс монеталар  www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында интернет дүкен арқылы сатылады. «Барыс жылы» монетасының аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы мен монетаның металын, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген. Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра «2022», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ORIENTAL CALENDAR жазуы бар. Ішкі жағында Шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.