Балалы болу үшін істемеген дүнием, қаралмаған дәрігерім қалмады – Жания Джуринская
Балалы болу үшін істемеген дүнием, қаралмаған дәрігерім қалмады – Жания Джуринская

Актриса Жания Джуринская тұрмысқа шыққан күннен бастап, сәбилі болуды аңсағанын айтты. Тіпті, жүкті болу үшін қаралмаған дәрігері, жасамаған емі қалмаған.

– Бала көтеру үшін не істемедім?! Жақсы деген емханаға барып, бүкіл анализдерін тапсырдым. Бәрінің айтары бір нәрсе: «сізде бәрі дұрыс, қорықпаңыз, уақыт еншісінде». Әр ай сайын тест жасап, үмітімді үзбедім. Бірақ аңсаған тілегім орындалмады. Бала сүймесем өмірім тоқтап қалатындай көрінді. Ақырында бәріне қолымды сілтедім. Орындалмайтын үмітті күтуден шаршадым. Өзім үшін өмір сүремін, өмірдің әр сәтінен ләззат аламын деп шештім. Ең бастысы, балалы болу-болмау менің емес, Алланың қолында екенін түсіндім, – дейді ол. Айтуынша, актриса әуелде өзінің жүкті екенін білмей де қалған. – Бірде күйеуім екеуміз отыр едік: «осы сен жүкті емессің бе» деп сұрап қалды. «Жоға» дегеніме құлақ аспады. «Сенде бір өзгеріс бар, меніңше, жүктісің-ау» деп қоймады. Ертеңінде сараптама жасап едім, сәбилі болатынымды білдім. Шынымды айтсам, сенер-сенбесімді білмедім, – деді ол. Жания Джуринская Қуанышты хабарын айту үшін Жания Джуринская кеш өткізіп, қызды болатынын жариялады. Актриса бұл жайында өзінің instagram парақшасында жазды.