Кеден бекетінің қызметкерлері кальянға арналған табакты заңсыз әкелуге көмектескені үшін сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті шекарада Өзбекстаннан кальянға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті. Сот үкімі бойынша «Қапланбек» кеден бекетінің 5 маманы әртүрлі мерзімге сотталды. Өзбекстаннан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 келі, жалпы сомасы 59 596 729 теңгеге SERBETLI кальянына табакты заңсыз әкелуге лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік мансабын пайдаланып, көмектескен.Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М. Күміс, Б. Әлиев 3 жыл 6 айға, Н. Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін 32 келі есірткіні пойызбен тасымалдаған тұрғын туралы жазған болатынбыз.