Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2 ер адамға іздеу жариялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2 ер адамға іздеу жариялады
234
оқылды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 2 ер адамға іздеу жариялады.  Олардың суреттері көрсетілген ақпарат ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. . Алматы тумасы, 1989 жылғы Кудрат Розахуновқа іздеу жарияланды. Ер адамға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Сонымен қатар Алматы облысы Ескелді ауданының тумасы, 1968 жылғы Жанғазы Байбековке іздеу жарияланған. Ерекше белгілері ернінің үстінде тыртық бар. Бұлтартпау шарасы  – қамау.
«Іздеу салынған азаматтардың мекенжайын тапқан жағдайда немесе болуы мүмкін мекенжай туралы ақпаратты білген жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне  Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42 мекенжайына 8 (7282) 24-70-13, 24-76-23 (кезекші бөлімі, тәулік бойы), 8 775 212 19 91 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сыйақы мен хабарлаған адамның жеке басының құпиялығына кепілдік беріледі. Оларға қандай айып тағылғаны хабарланбаған.