Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды
Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды
© polisia.kz
Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Дәлірек айтсақ, құпия орын Шаңырақ ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астына салынған. Онда тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.
– Атап айтқанда, тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық және т.б. анықталды. Айғақты заттарды тергеу-жедел тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Спикердің айтуынша, ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы 27, 35, 39-да. https://www.youtube.com/watch?v=GXLdOtWK9Ks