Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды. Бұл туралы yyedilov Телеграм-арнасы хабарлады.
"Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ұсталды. Өйткені сұйытылған газдың бағасын көтеру салдарынан Маңғыстау облысында халық көтеріліп, жаппай наразылыққа шықты және т.б.", – делінген хабарламада.Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғанын жазған болатынбыз.