Шымкентте көршілерінің кесірінен бір отбасы уланып қалды
Шымкентте көршілерінің кесірінен бір отбасы уланып қалды
Фото: otyrar.kz.
113
оқылды
Шымкентте көршілерінің зиянкестермен күреспек болған әрекетінен кейін тұтас бір отбасы уланып қалды, – деп хабарлайды  Otyrar.kz Қала тұрғыны хабарласып, көршілері тұрғындарға ескертпестен қандаладан құтылмақ болғанын айтты. Сол күні тұрғын полиция мен СЭС-ке хабарласқанымен, жауап болмаған. Әйелдің айтуынша, төменгі қабаттағы көршілері пәтерін дезинфекциялай бастаған, бірақ ешкімге ескертпеген. Соның салдарынан балалар ауырып қалды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оларға улану деген диагноз қойған.
"Бізге ешкім ескертпеді, өзімізді жаман сезіндік, өткір иіс шықты. Мен олардан сұрадым, олар қауіпті емес деді. Олар байланысқа шықпайды, бәрі заң бойынша деп айтады. Ал кеше тағы да дезинфекция жасайтынын білдім, тағы уланатынымыз белгілі болды", – дейді үй тұрғыны.
Әйел полицияға арыз жазғанын, СЭС-ке хабарласқанын, бірақ дәрігерлерден басқа ешкім келмегенін айтады. Кейін СЭС журналистерге дезинфекцияның қауіптілік дәрежесін анықтау үшін лаборанттар тобы оқиға орнына жіберілгенін түсіндірді.
"Әрбір дезинфекциялаушы рұқсат алып, содан кейін тұрғындарға ескертуі керек, содан кейін ғана жұмысты жүргізуге болады", –  деді СЭС өкілі Тамара Алдабергенова.