Павлодарда мектеп оқушылары оқ атты – видео

Павлодарда мектеп оқушылары оқ атты – видео

Оқиға Павлодарда тапа-тал түсте болған. Мектеп оқушылары тұрғын үйдің терезесіне оқ атты, – деп хабарлайды AstanaTV.

Компьютерлік ойындар ойнауға жиналған 13-15 жастағы жеткіншек тапаншаны тексеріп көрмек үшін балконға шығып, қарсы беттегі үйдің терезесіне оқ атқан. Бұл туралы полицияға 34 жастағы қала тұрғыны хабарлады. Ол үйінің терезесіне әлдекімдердің оқ жаудырғанын жеткізген. Полиция кәмелетке толмаған 7 баланы ұстады. Олардың  мектеп  оқушысы екені анықталды. Жауап алу кезінде балалардың бірі қаруды танысынан алғанын айтқан.
Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова: «Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты процессуалдық шешім қабылданады. Балалардың әрекеті үшін ата-анасы жауап береді», – деді.
https://youtu.be/mqV_zfFfrGE