Үкімет басшысы бизнеске бөгет жасамау керегін айтты

Үкімет басшысы бизнеске бөгет жасамау керегін айтты
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Карантиндік шектеулердің бизнеске келтірген кері әсері туралы да сөз қозғады.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын айтты. Коронавирус әлі де өршіп тұр. Бүгінде «сары» аймақта орналасқан Түркістан облысынан басқа барлық өңірлер «қызыл» аймақта. Вирус Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен астанада өршіп тұр.

Үкімет басшысы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес, карантиндік шектеулерді бизнес үшін жеңілдете отырып, қайта қарау тапсырылды.

«Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау және ревакциналауды күшейтуді тапсырды.

Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны біршама азайды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.