Алматы қаласында бірнеше ауданда электр жарығы өшіп қалды. Жарық бүгін сағат 12:00 шамасында өшті.
Көшеде бағдаршамдар өшіп қалғандықтан кептеліс реттелмей жатыр.«Жарық KEGOC желісінің бойында сөнді. Желілердегі кернеу төмендеп кетті. АЖК қосалқы станцияларындағы автоматты басқару жүйесі іске қосылды», – дейді Алматы әкімдігінің өкілі.
Бұған дейін де оңтүстік өңірлерде жарық өшіп, қараңғыда қалған еді.