Алматы тұрғындары неге жарықсыз қалды?
Алматы тұрғындары неге жарықсыз қалды?
Фото: kubnews.ru
342
оқылды

«Алатау жарық компаниясының» мәліметінше, сағат 10.31-де «Ерменсай» қосалқы станциясында 110 киловатт №148а желісі бойынша электр қуаты апатты жағдайда сөндірілген.

Сол себепті, Әуезов, Жетісу, Алатау ауданының тұрғындары жарықсыз қалды. Сондай-ақ Алмалы және Бостандық ауданында да жарық сөнгені туралы тұрғындардан шағым түскен.

«Жарықтың сөнуіне қатты ыстық себеп болды. Тағы бір себебі, энергиямен жабдықтау бойынша ЖЭО-1-дің жыл сайынғы жазда уақытша сөндіруі, – деді компания бас инженерінің орынбасары Нұржан Әділбеков.

ЖЭО-1 өшірілгеннен кейін артық жүктеме болған. Бұл 110 киловатт №103а және №149а электр желілеріндегі қуаттың көбеюіне себеп болған. Сағат 11.18-ге дейін жарық қайта қосылды.