Айтыскер Балғынбек Имашевтың басы дауға қалғаны рас па? Оның "300 мұқтаж жанға үй әперемін" деп қор құрғаны белгілі. Қорға кіріп мүше болу былай тұрсын, үй алуға тұрған іштегі кезекті саудалаған сыңайлы. Бір кезек 150 мың теңге екен. Осы қорға алданып қалғаны жайында бір топ әйелдер шағымданып шықты. Бұл жайында “Ол Кім? Бұл не?” Facebook парақшасы жариялады.
“2021-дің тамыз айында ол өз парақшасында қор ашып жатырмын. Кезекке тұрыңдар, осы арқылы мұқтаж 300 адамға үй алып береміз деген. Бірақ бұл не қор, не кооператив емес, өздері де дұрыс түсіндірмейді. Қаласаңыздар, кезекке тұрыңыздар. Бір кезек 150 мың теңге тұрады деді. Сол кезде алтыншы балама аяғым ауыр болып, түскен жәрдемақымды бірден соған аудардым. Квитанция барлығы бар, 205-ші болып кезекке тұрдым. Ол кісінің аузында Алласы бар, дұрыс адам болған соң сеніп едім", – дейді ол. Айтуынша, алты баланың анасы айтыскерге алданып қалған. Осылай алданған 300-дей адам бар дейді ол.