Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон мен ресейлік Анастасия Потапова жұбымен сынға түсті. Бірінші партияда швециялық- ресейлік жұп басымдылық танытты – 6:4. Екінші партияда Анна мен Беатрис есе қайырды – 7:5. Шешуші сәтте Анна Данилина 6:3 есебімен жеңіске жетті. Тартысқа толы бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.
Енді Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма мен Ена Шибахара жұбымен бақ сынасады.