Жұптық сында жартылай финалға өтті
Жұптық сында жартылай финалға өтті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Қазақстандық теннисші бра­зилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швеция­лық Ребекка Петерсон мен ресейлік Анастасия Потапова жұбымен сынға түсті. Бірінші партияда швециялық- ресейлік жұп басым­дылық танытты – 6:4. Екінші пар­тия­да Анна мен Беатрис есе қайыр­ды – 7:5. Шешуші сәтте Анна Данилина 6:3 есебімен жеңіске жетті. Тар­тысқа толы бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Енді Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма мен Ена Шибахара жұбымен бақ сынасады.

А.ЖАСАНҰЛЫ