«Оператор РОП» басшысы қамауға алынды

«Оператор РОП» басшысы қамауға алынды

Қазақстанда утилизациялық алым мәселесіне қатысты наразылық соңғы жылдары өршіді. Халықтың жанайқайынан соң, осы мәселені шешу үшін Президент арнайы тапсырма берді. Іле-шала Үкімет қаулысымен «Оператор РОП» жұмысын тоқтатты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады.

«Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Бұдан былай үш министрлік бірлесіп, утилизациялық алым мәселесін шешеді.