Астанада «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры жұмыс орнында көз жұмды.
Есіл аудандық полициясының мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Astana Apartments бизнес орталығының 6-қабатындағы жұмыс кабинетінде суицид жасаған. Полицейлер электр шәугімнің сымын пайдаланғанын айтып отыр. Бүгін «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды.«Ер адамның өліміне қатысты Есіл ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады» делінген хабарламада.
Ол «Оператор РОП» ЖШС-да құқық жөніндегі мәселелерге жауапты болған. Полиция оның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.