«Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры қайтыс болды
«Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры қайтыс болды
Фото: avtotema.mediasalt.ru
269
оқылды

«Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды. Бұл туралы Тelegram-да ақпарат тарады.

«Оператор РОП» ЖШС-да құқық жөніндегі мәселелерге жауапты болған. Полиция оның өліміне қатысты тергеуді бастады. Өзіне-өзі қол жұмсаған болуы да мүмкін.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталғанын растады.

«Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген агенттіктің ресми хабарламасында.