Nur Otan: Саяси кеңес отырысы 27 қаңтарда өтеді

Nur Otan: Саяси кеңес отырысы 27 қаңтарда өтеді

Nur Otan Саяси кеңесі бюросының қаулысымен (Жарғының 9.5-тармағына сәйкес) 27 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де жазды.

Бұған дейін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын ескере отырып, жиын онлайн форматта өтетінін хабарлаған болатынбыз.