«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді
160
оқылды
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өткізіледі. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады. 
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавирусқа байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді», – деп жазды Б.Байбек Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Мәжіліс Елбасының өмір бойғы кейбір өкілеттіктерін тоқтататын заңдарға түзету енгізгені туралы хабарлаған болатынбыз.