СҚО-дан шыққан әкім әскери қызметші болды
СҚО-дан шыққан әкім әскери қызметші болды
© видеодан алынды
Жалғас Қанатұлы Қапшағай гарнизонының авиация базасына 2021 жылдың көктемінде әскерге Петропавлдан шақырылған, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Армияда қызмет ету үшін ол Солтүстік-Қазақстан облысы ауылдық округінің әкімшілігіндегі лауазымынан бас тартты.  Жалғас әр адам жағдайға қарамастан, өзінің конституциялық міндетін орындауы тиіс деп есептейді.
"Колледждегі оқуымды бітірген соң Спасовск ауылдық округінің әкімдігіне жетекші маман болып жұмысқа орналастым. Жақсы нәтиже көрсеткенім үшін мені ауылдық округтің әкімінің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады. Әкім болғаныма қарамастан, менің әрдайым әскерге барғым келетін. Әуе қорғаныс күштеріне шақырылған соң мен метериалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонында мерген сарбаз қызметіне кірістім. Мен көп нәрсе үйрендім, көп дос таптым", - дейді әскери қызметші.