Алматы әуежайындағы дүкенді тонаған ерлі-зайыпты ұсталды
Алматы әуежайындағы дүкенді тонаған ерлі-зайыпты ұсталды
© видеодан алынды
157
оқылды
Тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайындағы дүкеннен ұрланған тауарлар кәсіпкерге қайтарылды, - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 5-6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктер барысында қарақшылар халықаралық әуежайды басып алды. Осы ғимаратта орналасқан сауда нүктелері зардап шекті. Соның ішінде "Француз үйі" дүкенінен 17 миллион теңгеден аса сомаға тауар ұрланды. Полицейлер дүкен тонаған жұпты анықтап, ұстады. Олар ұрланған тауарды үйде ұстап, кейінірек сатуды жоспарлаған. Алынған заттай дәлелдемелер 1,5 миллион теңгеге бағаланады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
35 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оның 33 жастағы азаматтық некедегі жұбайынан кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.Дүкен директоры Алматы әуежайындағы Полиция департаменті пен желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне алғыс білдірді.